ІІМ азаматтарға шұғыл үндеу жасады

ІІМ азаматтарға шұғыл үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік:

  • азаматтардан аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды;
  • жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды; қауіпсіз жылдамдықты таңдап, кенет бұрылудан аулақ болуды; көліктердің арасындағы арақашықтықты сақтауды сұрады.

"Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget