ІІМ ауқымды операция өткізді: дәріханалар мен медициналық мекемелерден не табылды?

ІІМ ауқымды операция өткізді: дәріханалар мен медициналық мекемелерден не табылды?
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі заңсыз дәрі саудасына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында "Дәрмек" іс-шарасы өтті. Оның мақсаты - есірткінің және психотроп дәрілердің заңды айналымын бақылау.

Іс-шара аясында:

  • әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды;
  • дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді;
  • мыңнан аса медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексерілді;
  • 209 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;
  • 500 мыңнан аса дәрінің және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелді;
  • 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды;
  • 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды.

"Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған", - деді ІІМ өкілі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget