Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында трансұлттық схеманы жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет ресурстар арқылы "жалақысы жоғары жұмыс" туралы жарнама таратқан. Осылайша заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.
"Олар орындаушыларға арнайы колл орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютер, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді", - деді ІІМ өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз