1 маусым мен 31 қазан аралығында есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Қарасора - 2026" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс-шара барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз егістіктері мен олардың жабайы өсетін ошақтарын анықтауға, жоюға, есірткі плантацияларын да жоюға, есірткі дайындаумен, тасымалдаумен, өткізумен айналысатын қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға, сондай-ақ, есірткі тасымалы арналарының жолын кесуге назар аударылады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, есірткіні сақтау орындарын анықтау және синтетикалық есірткі өндіруге байланысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!