Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі кезде күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөнін, суретін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық дерегі тіркеліп жатыр.
"Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған парақша ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды. Сақ болыңыздар! Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті ол өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер. Ешкімге SMS код, банк картасының дерегін, құпиясөз және басқа да жеке мәліметті бермеңіздер. Күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыздар", - деді ІІМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова