- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ "адыраспан" жағатындар...
ІІМ "адыраспан" жағатындар қалай жазаланатынын ескертті
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Ведомствоның мәлімдеуінше, көрші елге барғанда сізді адыраспан үшін ұстап, айыппұл салады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айта кету керек, биыл, ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында гармала деген өсімдік, яғни жалпақ тілмен айтқанда "адыраспан" тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді. Оны сол елге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде апарғаны үшін жаза 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - дейді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ішкі істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.
"Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет", - деді ведомство өкілі.
Бұған дейін Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілгенін жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев