ІІМ адам саудасына қатысты статистика жариялады

Ішкі істер министрлігімен жүйелі негізде ұйымдасқан сипаттағы адам саудасына және онымен байланысты қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарашаның аяғында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен "STOP-трафик" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, осындай 44 қылмыс анықталды.

Адамдардың "трафигіне" байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа (бұдан әрі - ҰҚТ) қатысқаны үшін соталды 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.

Атап айтқанда, Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды. Сондай-ақ Павлодар облысында осындай ҰҚТ-ның жолы кесіліп, 5 қылмысқа қатысушы тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Еңбекке қанау деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай облысында 3 жыл бойы 40 жастағы ер адамды физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, еңбек қанауында ұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Жәбірленушіге Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Қонаев қаласында казинолардың бірінде жүйелі негізде сексуал сипаттағы қызметтер көрсету деректері анықталды. Полицияға 14 адам, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлері жеткізілді.

Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!