- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Лұқпан аға таныстырды"....
"Лұқпан аға таныстырды". Танымал әнші жолдасымен қалай табысқанын айтты
Әнші Дана Маханбаева "Мархабат" бағдарламасында жолдасымен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әншіні жарымен Лұқпан Жолдасов таныстырған.
"Бір түсірілімге бардым. Сол жерге Лұқпан аға мен Әлекең келеді. Мен ән айтамын. Ол кезде Тараздан енді келгем. Тек екі-ақ әнім бар. "Бақыттымын, құрбылар" әнін айтып тұрғанмын. Түсірілім біткеннен кейін Лұқпан аға "сен қайдан келдің, әнің жақсы екен" деді. Жауабымды айттым.Сол кезде Әлекеңе "мына қыз Тараздан келіпті, таныссаңшы" деді. Сол кезде таныстық та сыртқа қарай шықтық. Қар өте қалың. Қалай жетемін деп уайымдадым. Жатақханада тұрамын, "шіркін-ай, мені біреу жеткізіп салса ғой" деп ойладым. Сөйтіп, Лұқпан аға мен Әлекең шығып "қайда барасың" деді. "Жатақханада тұрамын, алыс" дедім. Сөйтіп, ол кісілер мені жеткізіп тастайтын болды. Жолай Лұқпан аға "Алматы үлкен қала, мына жігітпен танысып ал, саған қорған болады" деді. Әлекең де "иә-иә" деді. "Дауысы жақсы екен, дуэт жазсаңдаршы, телефонын алып ал" деп Әлекең менің нөмірімді жазып алды. Екінші рет студияда жолығып, ән жаздық. Солай таныстығымыз махаббатқа ұласты", - деді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы