- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лукашенконың ұшағы Астанаға...
Лукашенконың ұшағы Астанаға қонды
Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Беларусь Президентінің ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында Александр Лукашенконы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.
Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті.
Өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан