Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь Украинадағы "арнайы әскери операцияға" қатысып жатқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
"Украинадағы арнайы әскери операцияға қатысуымызға келетін болсақ, оған қатысамыз. Мұны жасырмаймыз. Бірақ ешкімді өлтірмейміз. Өз әскерімізді ешқайда жібермейміз. Өз міндеттемелерімізді бұзбаймыз", - деді ол әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте.
Оның айтуынша, елдің бұл операцияға қатысу себебі - қақтығыстың Беларусь аумағына таралуына жол бермеу.
"Екіншіден, Польша, Литва және Латвия тарапынан арнайы әскери операция деген желеумен Беларуське соққы жасауға жол бермеу. Жаңа айтқанымдай, Беларусь аумағынан ресейліктерге ешкім оқ атпайды. Міне, қатысу дегенім - осы.
Иә, емдеп жатырмыз. Қажет болса, адамдарды емдедік. Иә, адамдарды тамақтандырып жатырмыз. Тек ресейліктерді ғана емес. Босқындарды, кедейлерді, күніне Украинадан келетін 400-500 адамды тамақтандырамыз. Оларды қалай тамақтандырмаймыз, оларды қалай емдемейміз? Бұл - біздің осы әскери операцияға қатысуымыз. Басқаша болмайды", - деді Лукашенко.
Беларусь президенті Украина Беларусь шекарасына 15 мыңға дейін әскери қызметші тобын тартып, бақылау-өткізу пункттері мен атыс позицияларын инженерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жол тосқауылдарын орнатқанын айтты.
"Бір сөзбен айтқанда, тосқауыл қойып қана қоймай, қабырға тұрғызылды. Үнемі біздің аумаққа, әскерге, нысандарға оптикалық, радиоэлектрондық, радиотехникалық барлау жүргізіледі. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарымен мемлекеттік шекара сызығы жиі бұзылады. Сонымен қатар, "Беларусь соғысқа қатыспаса болар еді" деп уайымдап, үрейленеді", - деді Александр Лукашенко.
Сонымен қатар, Лукашенко Беларуське мобилизация жариялаудың қажеті жоғын, бірақ ресейлік тәжірибені ескеріп, әскери қызметке жауаптыларды тіркеу және соған сәйкес қосымша жауынгерлерді дайындау жұмыстарын ұйымдастыру қажет екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!