- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік сапар
Лукашенко Астанаға ұшып келді
Фото:
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі
Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанаға жұмыс сапарымен келді. Мұны Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лукашенко 28 қарашада жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Отырысқа қатысатын ел делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алған еді.
Кейінірек Путинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан