Заманауи қоғамда жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, лудомания, нашақорлық, құқықбұзушылық және буллинг секілді бірқатар мәселе белең алып отыр. Дегенмен биыл елімізде осындай дүниелердің алдын алуға бағытталған көптеген шара қабылданып жатыр. Өйткені Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев лудомания бойынша заң қабылдауды жеделдетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі Түркістан облысында лудоманияға қарсы күреске қатысты қандай шаралар атқарылып жатқанын анықтады.
Облыс көлемінде репродуктивті денсаулықты дұрыс сақтау бойынша ауруханамен бірлесіп, жалпы білім беру мекемелерінде жасөспірім қыздар арасында жыныстық тәрбиені ұғындыру, репродуктивті денсаулықты жақсарту және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қыз - болашақ ана", "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі", "Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы", "Болашаққа қамқорлық" атты тақырыптарда 403 психопрофилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 12 896 жас қамтылған.
Сонымен қатар жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қыздарға әсемдік жарасады!", "Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы", "Жақсы қыз - ата-ана мақтанышы" атты арнайы мамандармен кездесу өтті. Кездесуге жалпы тәжірибелі дәрігер Нұрсәуле Оразханқызы Батырхан, Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Гүлнұр Бейсенқызы Кипчакбаева, Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби, Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық және Түркістан жоғары медицина колледждерінде 500-ге жуық студент қыздармен кездесті.
Оған қоса өңірде отбасы саясатын және отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарды қалыптастыру" бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Аудан, қалаларда жоспарға сәйкес жастар ресурстық орталықтарының жанынан халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, отбасы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында, "Ақ жүзік" қыздар клубының жұмысы қайта жандандырылды.
2024 жылы қаңтар-қазан айларында аудан, қала бойынша жастар арасында лудоманияның алдын алу мақсатында 162 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 4 363 жас қамтылды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Жастар ресурстық орталығы КММ-ның бастамасымен, Келес, Созақ, Мақтаарал, Сауран, Кентау қала, аудандарында лудомания деңгейін азайту және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында "Лудомания - қоғам дерті" атты облыстық форум өтті. Форумға 600-ге жуық жастар мен 25 психологтар қатысты. Форумға Астана қаласы "Көмек" оңалту орталығының психологы, 14 жылдық тәжірибесі бар психолог-психотерапевт Серікгүл Сали қатысты. Ордабасы ауданында "Лудомания - қоғам дерті" атты семинар-тренинг өтті. Қоғам дертіне айналған осы індет туралы шара еркін форматта өтіп, өңірдегі жасөспірімдер, студенттер және психолог мамандар қатысты. 100-ге жуық жас қамтылды.
Сонымен қатар Отырар, Арыс, Ордабасы Жастар ресурстық орталығы КММ-ның ұйымдастыруымен қазіргі заманауи әдістер мен тиімді техникаларды қолдану арқылы тәжірибе алмасу және жұмыстарды жүйелендіру мақсатында "Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу және лудомания" тақырыбында аудан, қала Жастар ресурстық орталығы КММ-ның психологтарының тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шараға 150-ге жуық жас қатысты.
Жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, саламатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында "Құмар ойынға құмартпа!", "Тәрбиелі жастар - қауіпсіз қоғам" және "Жастар - ізгі қоғам айнасы" атты семинар-тренингтер өтті. Семинарға 150 студент қатысты.
11 маусымнан бастап аудан, қалаларда лудоманияның алдын алу мақсатында "Құмар ойынға құмартпа!" атты семинар-тренинг өткізіліп жатыр. Семинар-тренингте "Komek center" тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Айсұлу Полатқызы Тұрсынбаева және "Заңғар-Медет" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләйла Дарханбаева инновациялық технологияларды қолданып, лудоманиямен күресу жолдарын түсіндіріп, 200-ге жуық жас қамтылды.
Аудан, қала бойынша биыл қаңтар-қазан айларында облыс бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу мақсатында "Есірткісіз қоғам!", "Денсаулық - зор байлық!", "Нашақорлыққа жол жоқ!", "Тәуелділік ол ессіздік!", "Нашақорлық қоғам дерті!" тақырыптарында 252 психо-профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 12 204 жас қамтылды.
26 маусымда Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық "Шаттыққа толы шаңырақ" атты отбасылық сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты - отбасындағы ата-ана мен баланың рөлін айқындау, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық, мәдени мұраларымызды насихаттау. Сайысқа 11 жас отбасы қатысты.
Сонымен қатар жастардың (жастар ұйымдарының) бастамасымен және Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен "Нашақорлық - қоғам дерті", "Нашақорлыққа жол жоқ", "Есірткісіз болашақ", "Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз", "Жастар есірткіге қарсы" тақырыптарында акция, спорттық сайыс, дөңгелек үстел, форум және семинар-тренингтер өткізілді. Өңірде жалпы саны 21 іс-шара өткізіліп, 1 838 жас қамтылды. Жергілікті 2 телевизиялық сюжет және әлеуметтік желіде 27 жазба жарияланды.
Жастар арасында өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында нашақорлық бойынша облыстық "Нашақорлық - қоғамдық дерт" тақырыбында семинар-тренингтер өтті. Семинар-тренингте "Komek center" тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Айсұлу Полатқызы Тұрсынбаева және "Заңғар-Медет" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләйла Дарханбаева инновациялық технологияларды қолданып, өзекті мәселелермен күресу жолдарын түсіндіріп, 210 жас қамтылды.
Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында облыс бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Қылмыссыз болашақ!", "Құқықтық сауаттылық - заман талабы!", "Бала және заң!", "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет!" тақырыптарында 817 психо-профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 36 765 жас қамтылды.
Сонымен қатар облысымызда аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының, білім бөлімдерінің мамандары, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жастарды түнгі уақыттарда ойын-сауық орындарында беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында 382 рейдтік іс-шаралар ("Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 442-бабына сәйкес) жүргізілді.
Жастар арасында "Біз буллингке қарсымыз" атты тақырыпта буллинг көріністерінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты - кибербуллинг және буллинг жайлы толық түсінік беру, әлімжеттік және бопсалаудың алдын алу, сақтану жолдарын көрсету. Жалпы 80-ге жуық жас қатысты.
Сондай-ақ жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту мақсатында "Stop bullying" тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары және психолог мамандары 200-ге жуық студенттерге түсіндірме жұмыс жасады.
Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсаты бойынша облыстық "Қылмыссыз болашақ!" тақырыбында семинар-тренингтер өтті. Семинар-тренингте "Komek center" тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Айсұлу Полатқызы Тұрсынбаева және "Заңғар-Медет" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләйла Дарханбаева инновациялық технологияларды қолданып, өзекті мәселелермен күресу жолдарын түсіндіріп, 200-ге жуық жас қамтылды.
Оған қоса жастар мен жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылық және буллингтің алдын алу, жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында "Дін және қоғам", "Тәрбиелі жастар - қауіпсіз қоғам", "Жастар - ізгі қоғам айнасы" және "Қауіпсіз интернет" атты семинар-тренингтер студенттерге өткізілді. Семинарға 400-ге жуық студент қатысты.
Еске салайық, бұған дейін психиатр лудоманияға шалдыққан адамды қалай емдеу керегін түсіндірген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!