LRT нақты қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді

LRT нақты қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
Фото: Tengrinews.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT алдағы бірнеше апта ішінде іске қосылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеңіс Қасымбек ресми ашылуы өтетін күн әлі белгіленбегенін нақтылады. Оның алдында шағын пресс-тур өткізу жоспарланып отыр.

"2-3 аптадан кейін іске қосамыз деп үміттенеміз", - деді әкім.

Елорда әкімінің айтуынша, LRT-ға жасалған барлық сынақ сәтті өткен.

"Бүгінде барлық 18 пойыз жұмыс істеп тұр. Қозғалыс аралығы - 3,5 минут. Жылдамдығы жоғары, кез келген басқа көлік түріне қарағанда 2 есе жылдам", - деді ол.

Сондай-ақ, әкім негізгі бекеттер дайын екенін де айтты. Олардың қатарында "Абу-Даби Плаза", "Ботаникалық бақ", "Астана Арена", Mega, "Әуежай" және жаңа вокзал бар. Ал LRT бекеттеріне іргелес аумақты абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада LRT жолақысы кімдерге тегін болатыны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget