LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды

LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды
Фото: City Transportation Systems

Астанада LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

City Transportation Systems (CTS) мәліметінше, жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталған. Бұл - LRT құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі.

"101-118-станция аралығында 89 600 метр рельс төселді. Қазір рельстерді дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, одан кейін соңғы рет бекітіледі", - деп жазылған хабарламада.

Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылған. Бұл технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

"Ол жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан кейін төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформалар орнатылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget