Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", - деді әкімдік өкілдері.
Сурет: Алматы әкімдігі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова