Алматылықтар 2024 жылы "Оңай" картасынан бастап көлігіне дейін жоғалтқан. Ең қызық жоғалған заттар қандай? Толығырақ Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
2024 жылы Алматы тұрғындары құжаттар мен ұялы телефондарды ғана емес, экстравагант заттарды да жоғалту бойынша ерекшеленіп тұр. "Паника" бюросының директоры Александр Пинигиннің айтуынша, жоғалған ерекше заттар тізімін көлік, алтын тіс протезі бастап тұр екен.
"Өте ескі оқиға. Бірде "Мерседес" көлігін жоғалтып алған жағдай болды. Жаңа жылды көңілді атап өткен жігіттер қайтып таксимен кетіп, көліктерін қайда қалдырғандарын мүлдем ұмытып қалған", - деп күледі Пинигин.
Ал бір азамат лотереядан жеңіп алған билетін таксиде қалдырып кеткен. Абырой болғанда, адал таксист оны бюроға тапсырыпты.
Бюро қызметкерлерінің айтуынша, Алматыда тіпті сиырлар мен попугайлар да адасып кетеді екен.
Жалпы, "Паника" бюросына күн сайын 300-ге жуық қоңырау түседі, 100-ге жуық адам келеді. Жоғалған заттардың 80%-ы иелеріне қайтарылады екен.
Фото: Бюро находок ПАНиКа
Ең көп жоғалатын заттар мыналар екен:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз