Лос-Анджелестегі өрт: қаза тапқандар саны артты

Калифорнияның оңтүстігін шарпыған өртте кем дегенде 24 адам қаза тауып, оннан астам адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC News-қа сілтеме жасап.

Телеарна Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің соңғы мәліметтерін келтіреді, оған сәйкес 16 адам Итон-Каньондағы өрттен, ал 8 адам Палисейдстағы өрттен қайтыс болды.

Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деп болжанады.

Басылым өрт сөндіру бригадалары жойқын өртті тоқтату үшін күресіп жатқанын атап өтті. Лос-Анджелес округінде мыңдаған құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Палисейдстегі ең үлкен өрт мыңдаған ғимараттарды шарпып, тек 11 пайызға, Итон-Каньонында 27 пайызға ғана оқшауланды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ 16 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Президент Джо Байден өртті үлкен табиғи апат деп жариялады және АҚШ үкіметі алдағы алты айда қалпына келтіру шығындарының 100 пайызын өтейтінін мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз