Лос-Анджелесте карнавалға жиналған адамдарды көлік қағып кетті

Лос-Анджелесте карнавалға жиналған адамдарды көлік қағып кетті
Фото: Department of Homeland Security

Лос-Анджелесте карнавалға жиналған адамдарды көлік қағып кетті. Салдарынан алты адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Мир24.

"Көшедегі карнавалда жиналған жұртты көлік қағып кетті. 30-50 жас аралығындағы алты науқас медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың алған жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.

Los Angeles Times газеті мәліметінше, оқиға кезінде көшеде жүздеген адам болған. Ақ түсті Porsche жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан