- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лондонда селфиден әлем...
Лондонда селфиден әлем біріншілігі өтті
Фото:
jtimes.ru
Лондонда селфиге түсу бойынша әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады.
Халықаралық біріншілік жеңімпазына арналған сыйақы 1000 фунт стерлингін құраған. Сонымен қатар, жеңімпазға алтын монопод табысталды.
Қатысушылар әртүрлі категориялар бойынша бақ сынасты. Айта кетсек, «Ернін бұртиту», «Айна», «Танымалдылық» және «Акула азығы» сынды категориялар таңдап алынды.
Алғаш рет ұйымдастырылған әлем біріншілігін Кэти Грант есімді ағылшын қатысушысы жеңіп алды. Ол өзін жеңіске жеткізген селфиін инстаграм аккаунтында жариялады.
Ж. Өрісбай