Қатарынан үш рет секіріп түсуден олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Лондонда "Гауһар лига" кезеңінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық спортшының соңғы мүмкіндігіндегі көрсеткіші 14 метр және 33 сантиметр болды, осылайша ол жеңіске жетті. Рыпакова Ямайкадан келген Кимберли Уильямсты (14 метр 15 сантиметр) басып озды. Үшінші орын словакиялық Дана Велдаковаға (13 метров 66 сантиметров) бұйырды.
Айта кетейік, 17 мамырда Шанхайда өткен кезеңде Рыпакова үшінші орын иеленген еді. Қазақстандық спортшы бес ұпай алып, жалпы нәтиже бойынша екінші орынға шықты. Колумбиядан келген Катерин Ибаргуен 16 ұпаймен көш бастап тұр.