Астанада велосипед ұрлаған 22 жастағы жігіт ұсталды. Ол тағы осындай екі қылмысқа қатысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру шаралары барысында Астананың Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлаумен айналысқан 22 жастағы жігітті анықтады.
Қала тұрғыны велосипедін үйінің кіре берісіндегі кабельге бекітіп қойғаннан кейін екі доңғалақты көлігін жоғалтып алғанын хабарлаған. Бейтаныс адамдардың жоқтығын пайдаланған қаскүнем түнде кабельді кесу арқылы екі дөңгелекті көлікті айдап кеткен. Ол ұрланған велосипедті ломбардқа тапсырып, қаржылай түскен олжасын жұмсап үлгерген.
Бұрын сотталған ер адам кінәсін мойындап, оның елордада екі велосипед ұрлау оқиғасына қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Велосипед ұрлығын болдырмау үшін Астана қаласы Полиция департаменті қажетті қауіпсіздік шараларын жасап, велосипед жақтауларын белгілеуді, оларды қараусыз қалдырмауды және сенімді велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!