Түркістанда ер адам көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, көпірден секірмек болған ер адамды патрульдік полицейлер құтқарып қалды. Оқиға түнгі сағат 23:30 шамасында болған. Алматы – Термез тас жолында патрульдеп жүрген полицейлер көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалған. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған белгісіз адамды көрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бағлан Жораұлы мен Өткір Мэлсұлы оқиға орнына шұғыл жеткен.
Қос полицей тездетіп, жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған орта жас шамасындағы ер адамның жанына жақындаған. Оны аман алып қалуға қажетті шараларды іске асырды. Осы сәтте сол жердегі тұрғынның бірі көмекке келіп, ер адамды сөзге айналдырып тұрды.
Ал қос полицей көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан күш салып тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына, масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Сондай-ақ көпбалалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жеткізбейтінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!