- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ливияда наразылық білдірушілер...
Ливияда наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасады
Фото:
Reuters
Электр қуатын өшіруге және елдегі өмір сүру жағдайының нашарлауына наразылық білдірушілер Ливияның шығысындағы Тобрук қаласындағы парламент ғимаратына шабуыл жасап, от қойды, - деп хабарлайды Libya News Agency.
Агенттік мәліметінше, демонстранттар ғимарат ішіндегі ресми құжаттарды, кабинеттер мен қабылдау залдарын өртеп жіберген.
Шеру Триполиде де өтті. Наразылық білдірушілер жергілікті билікті таратуды, президенттік және парламенттік сайлауды өткізуді, сондай-ақ электр қуатымен дағдарысты шешуді талап етеді.
Фото: Reuters.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
G. Dosymshalova