LIVE: Қазақстандықтардың неше проценті дауыс берді?

LIVE: Қазақстандықтардың неше проценті дауыс берді?
Фото: election.gov.kz

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын басталды. Дауыс беру кешкі 20:00-де аяқталды. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істеді. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де бүкіл Қазақстанда сайлау аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлауға 11 947 995 адамның 77%-і кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.

Оның ішінде:

Ақмола облысы – 83%
Ақтөбе облысы – 84,6 %
Алматы облысы – 89 %
Атырау облысы – 71,2%
Шығыс Қазақстан облысы – 84,5%
Жамбыл облысы – 81,3%
Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
Қарағанды облысы – 77,1%
Қызылорда облысы – 77,6%
Қостанай облысы – 84%
Маңғыстау облысы – 68,3%
Павлодар облысы – 79,5%
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%
Түркістан облысы – 84,8%
Нұр-Сұлтан қаласы – 68,3%
Алматы қаласы – 52,2%
Шымкент қаласы – 67,1%.

Сағат 18:00-ге дейін тізімге енген сайлаушылардың 72,9%-і дауыс берді. Ал сағат 16:00-ге дейін сайлауға қатыса алатын 11 947 995 қазақстандықтың 65,9%-і дауыс берді. 

Үздік үштік:
Ақмола облысы – 75,54%
Ақтөбе облысы – 79,7 %
Алматы облысы – 78,9 %

Сайлаудың әділ өткенін қалай анықтауға болады? 

Бюллетень фотосуреті үгіт-насихатқа жата ма? 

Елорда уақытымен сағат 14:00-ге дейін сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді.

Үздік үштік:

1) Ақтөбе облысы – 69,4 %
2) Қызылорда облысы – 63,1 %
3) Алматы облысы – 63,0 %

2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер үлесі 68,48% болған.

Елорда уақытымен сағат 12:00-де сайлаушылардың 35,1%-і дауыс берді.

Үздік үштік мынадай:

1) Ақтөбе облысы – 50,3 %
2) Алматы облысы – 47,3 %
3) Ақмола облысы бойынша – 45,9 %

2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 12:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 41,69%-і дауыс берген

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елордалық сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 9 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8%-і сайлау бюллетеньдерін алды.

2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 10:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін тізімдегі сайлаушылардың 19,17%-і алған.

Massaget.kz