- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ливандағы әскери базаға...
Ливандағы әскери базаға шабуыл жасалды: қазақстандық бітімгерлердің жағдайы қандай?
Израиль әскері Ливандағы бітімгерлер базасына шабуыл жасап, ең басты қақпаларды қиратып, 15 сарбаз зардап шеккен. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі базадағы қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазақстандық бітімгерлер, оның ішінде үш штабтағы офицерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай олардың қызмет ету базасынан алыста орналасқан жерде шиеленіскен.
"Шиеленіскен жағдайда қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және Миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста", – деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.
Еске салайық, бұған дейін Израиль армиясы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік базасына басып кірген кезде кем дегенде 15 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.
Жыл басында Қазақстан бітімгерлерін Таяу Шығыс пен Африкаға жіберетіні белгілі болды. Бұл ұсынысты депутаттар қолдады.
Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430-ға жуық әскери қызметкерін жіберген еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина