Астанада жануарларға қатыгездік көрсеткен, ұсақ бұзақылық жасаған адам ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде тұрған жігіт мысықты аяусыз тепкілейтін видео анықталған.
"Алматы" ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оның кім екенін анықтаған. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Кінәлі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Осы іске қатысты материал шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!