Лифтідегі шабуыл: зардап шеккен баланың жағдайы қалай?

Лифтідегі шабуыл: зардап шеккен баланың жағдайы қалай?
Фото: Видео кадры

Астана әкімдігіне қарасты №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов лифтіде жарақат алған 5 жасар баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұғмановтың сөзінше, балаға жасалған тігістердің жартысы алынған, қазір оны ауруханадан шығаруға дайындық жүргізіліп жатыр.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағымы жоқ. Бүгін таңғышын ауыстырып, тігістердің жартысын алдық. Жаралары таза, қабыну белгілері байқалмайды. Ертең ауруханадан шығару жоспарланып отыр", - деді аурухана басшысының орынбасары.

Оқиғаның мән-жайы

2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Дәрігерлер алғашында оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget