Атырауда полиция 2 жасар сәбиді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
102 операторына лифтіде қалып қойған сәби туралы хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8-қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
"Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!