- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Лезде өте шықты"....
"Лезде өте шықты". Абай Бегейдің ұлы мен келіні гендер пати өткізді
Танымал әнші Абай Бегейдің ұлы мен келіні жақындарының арасында гендер пати жасады. Олар бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында видео жариялап, болашақ перзентінің жынысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі келінінің сөзінше, көптен күткен күн лезде өте шыққан.
"Көптен күткен күнімізде өте шықты.
Қаншама уақыт ойлап жүрген едік қашан жасар екенбіз деп гендер патиды. Ең алдымен қуанышымды Сұлуыммен және подругаммен бөлісіп едім. Кейін қатарымен Жалғас, апа және папалар білді.
Апаның Алматыға келген сәтіне дәл келіп генлер патиды жабылып апалар ұйымдастырып жіберді.
Көбісі кеше біліп қалай полын анықтадыңыз деп жатыр екен. Аяғым ауыр екенін білгенімнен бері қаншама уақыт өтті, тек сіздермен бөлісу осы сәтке бұйырып тұр екен. Барша жылы тілектеріңізге Алла разы болсын", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары қуанышты жаңалыққа жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдырған.
"Көпбалалы ата-ана болыңдар", "Аман-есен босанып алыңыз, қыз деген тәтті екен өзі Машаллаһ", "Аман-есен бөпеңізді бауырыңызға алыңыз", "Аман-есен дүниеге келсін, 12 мүшесі бүтін болып ақыл-есімен берген болсын", "Аман-есен дүниеге келсін", "Аман-есен дүниеге келсін қызығын көріңіз", "Азан шақырып атын қоятын кезге де жете берейік бұйырса, Алла тіл көзден сақтасын, өте керемет жандар", "Машаллаһ. Кішкентайды аман-есен бауырыңа алуыңды тілеймін. Әрқашан жарқырап жүре бер. Бақытты бол", - деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін "Қуанышымызда шек жоқ". Абай Бегейдің келіні сүйінші сұрағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Мұрынға дәрі тамызса, ораза бұзыла ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә