- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Lexus көліктеріне арналған...
Lexus көліктеріне арналған Nike стиліндегі дөңгелектер шығарылды
Lexus жол талғамайтын UX көлігін заман талабына сай жастарға арнап жасамақ. Сол себепті Nike Air Force 1 спорттық аяқ киімдерінің жасаған Джон Эллиотпен жұмыс істеуді бастайды.
Жаңа дөңгелектер қалада жүруге арналған Lexus UX көлігіне замануи ажар беретіні сөзсіз. Дөңгелекке қарап бірден Nike Air Force 1 аяқ киіміне ұқсайды деп айта алмайсыз. Алайда белгілі бір ұқсастықтары бар.
Дөңгелектің тысы табиғи былғарыдан жасалған. Әзірге спорттық аяқ киімге ұқсас дөңгелегі бар көлік қолданысқа берілмейді.
Бұл көлік концерні мен сән брендтері бірлесіп әзірлеп жатқан алғашқы жобасы емес. Бұған дейін Fiat пен Gucci бірігіп Gucci Edition 500 көлігін жасап шығарған еді. Ал өткен жылы McLaren мен британдық танымал бренд Belstaff жаңа киімдерді тігуді қолға алған еді.
Айбар Рысдәулет
Massaget