- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Іле ауданының әкімі...
Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды: мән-жай белгілі болды
Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты мән-жай белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Прокуратурасының мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеру нәтижесінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды.
"Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонын тексеру жұмыстарын аяқтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте Қарасаев Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша күдікпен ұсталды. Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және оларды теріс пайдалану айыптары тағылып отыр, бұл мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірген", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
4 қыркүйекте прокуратура прокуратура бұлтартпау шарасын қарау және санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жіберді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталғанын хабарлаған едік.
Антикор қызметкерлері әкімді 3 қыркүйекте ұстаған. Қарасаев қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 362-бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша күдікке ілінген.
Бағдат Қарасаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айта кетейік, Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келе жатыр. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина