Алматы облысы Іле Алатауы тауында "Лесной" асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Тез арада ТЖМ "РЖҚЖ" жедел тобы шақырту орнына шыққан.
"Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, көмектесті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерімен бірге ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!