Алматы полициясы Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны соққыға жығу ісін "Бұзақылық" бабы бойынша тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы полиция департаменті бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркеп, Медеу аудандық полиция бөліміне тергеп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта бұл қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser көлігімен барған бейтаныс біреулер соққыға жыққан.
Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 19:15 шамасында Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында, Камен орман шаруашылығында, Аққайың шатқалында, "Мокрый ключ" шатқалына баратын жолда болған. Бейтаныс біреулер 30 жастағы инспектор Дәмир Қуатбековке шабуыл жасап, оны таяқпен ұрған. Кейін басынан жарақат алып, көгерген ол №12 ауруханаға жатқызылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!