Ләззат Қалтаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ләззат Қалтаева – 1965 жылы 4 ақпанда Қызылорда облысында туған.
Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында (1983-1991 жылдары) мамандығы: бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі.
Каспий қоғамдық университеті (2009 жылы) мамандығы: Құқықтану бакалавры.
Қазақстанда қосымша оқудан өтті.
Алматы қаласы, Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамының хатшысы
(1988-1991 жылдары);
Алматы қаласы, Алатау ауданы мүгедектер қоғамының "Тұмар" көпсалалы шағын кәсіпорнының маркетинг жөніндегі инженері (1991-1996 жылдары);
Алматы қаласы, "Виктория" шағын кәсіпорнының маркетинг жөніндегі инженері (1996-1997 жылдары);
Алматы қаласы, "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы " қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2001-2022 жылдары)
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
Алматы қаласы мәслихатының депутаты (2016-2021 жылдары аралығында);
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (28.01.2022 жылы бастап).
Партияға қатыстылығы:
"Аманат" партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі (2022 жылы бастап).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!