- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ләйлә Сұлтанқызының вакцинаға...
Ләйлә Сұлтанқызының вакцинаға қатысты үндеуі сынға қалды
Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызының вакцинаға қатысты жазбасы ата-аналардың қарсылығын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жатыр мойыны обырымен күресу үшін қыз балаларға вакцина салғызу керегін жазған.
"Әсіресе қыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың назарына! Бұл вируспен күресудің жалғыз жолы – вакцина. Жатыр мойыны обыры Қазақстанда 25-44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрінен 2-орында. Жыл сайын 600, күн сайын 2 әйел жатыр мойыны обырынан көз жұмады. Бұл статистикаға қарап, бірінші кезекте ана ретінде қатты уайымдадым. Сондықтан бірінші кезекте дұрыс ақпаратпен бөліскім келді. МИФтерге алданбаңыздар!", – деп жазды ол.
Журналист Самал Ибраева әріптесінің үгіт-насихаты орынсыз екенін жазды.
- "Дәл осындай тақырыптарда үгіт-насихат жүргізу артық деп ойлаймын. Қазақстандағы медицина деңгейін, жемқорлықты көріп отырмыз. Біз, қыз өсіріп отырған қауым, қорқамыз. Сенбейміз. Дәл Еуропада, Америкада тұрсам, вакцина алар ма едік? Ал бізде, жоқ, ала алмаймын. Жалпы инфлюенсерлер тапсырыс алдық екен деп ала жүгірмей, кейде просто воздержитесь", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары журналистің бұл жазбасына қатысты жағымды пікірде емес. Көпшілік "Қарсымыз!" деген пікір қалдырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева