- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ләйлә Сұлтанқызының ұлы:...
Ләйлә Сұлтанқызының ұлы: “Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым“
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат Қайратұлы марқұм әкесі туралы айтып, сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болған.
Әкесі қайтыс болғанда ұлы Сағадат 15 жаста болыпты.
"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – дейді ол.
Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Әкесінің мінезі қатал болғанын да жасырмады.
"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бірнәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – деді ол.
Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі
"Менің Қайрекем... Соңғы үш күн түсім сияқты. Сенгім де, мойындағым да келмейді. Отасқанымызға 16 жылдан асты. Еркелетті, икемдеді, үйретті. Енді ғана, міне, ұлдар өсті дегенде… Іштегі сезімімді айтарға сөзім, жазарға әріптерім де жетпейді. Қалдырған ізі, атқарған ісі көп, әлі де қанша жоспары бар еді… Олар туралы айтуға да қарсы болатын. "Алладан қайтады" деп, ауыз ашқызбайтын. Сіздерге де жиі айтпайтын себебім осы еді. Қазір де исі мұрныма келіп, сөзі құлағымда ойнап, көз жасым тоқтамай, қорқынышты түс көріп жатқандаймын. Ағамның кеткеніне көп болмап еді, ал енді бәйтерегім құлады…
P.S. Көңіл айтып, жазып жатқан баршаңызға рақмет. Қазір отбасымыз үшін өте қиын уақыт, балалар үшін екі есе қиын. Ештеңеге шамам да, мүмкіндігім де жоқ. Тәнім мен жанымды, миым мен күйімді жүйелеп алғанша түсіністікпен қарауларыңызды шын жүректен өтініп сұраймын", – деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.
Еске салайық, былтыр 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өткен болатын.
Қайрат Беркінбаев – 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған еді. Қайрат Беркінбаев – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева