IT технология маманы Никита Мокеев ұялы телефонның батареясын үнемдеуге қатысты бірнеше пайдалы кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, смартфонның жұмыс істеу уақыты азайғаны гаджетті сатып алғаннан бір-екі жылдан кейін байқала бастайды. Сарапшы батареяны үнемдеу үшін ұялы телефонның кейбір функциясын өшіруді ұсынды.
"Мысалы, Wi-Fi-ды белсенді түрде іздейтін параметр бар, ол жиі жаңартылып отыратындықтан, сымсыз байланыс модулі үнемі іске қосылып тұрады. Ол энергияны жұмсайды", - деді ол.
Тағы бір назар аударатын нәрсе - қосымшалардың автоматты түрде іске қосылуы. Маман телефон қосылған кезде олар жұмысты өздірінен бастап, деректерді жібере бастайтынын еске салды. Көбінесе бұл көрсеткіштерді салыстыру үшін әзірлеушілерге қажет. Алайда, гаджет иесіне қосымшаның автоматты түрде іске қосылуы қуатты азайтқаннан басқа әкелер пайдасы жоқ.
Мокеев смартфонның маңызы төмен функцияларын өшіру арқылы батарея қуатын айтарлықтай үнемдеуге болатынын атап өтті.
"Әрине, бәрі батареяның сыйымдылығына байланысты, бірақ 2 жылдан бері қолданып келе жатқан ұялы телефондағы артық параметрлерді өшірсеңіз, күніне 10 пайызға дейін үнемдеуге болады", - деді ол.
Сондай-ақ, сарапшы егер батареяның сыйымдылығы айтарлықтай төмендеген болса, онда қажет емес фондық әрекеттерді өшіретін батареяны үнемдеу режимін қосқан жөн екенін еске салды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Судың жарамдылық мерзімі қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!