Испанияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық балуан қола медальға таласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лаура Ғаниқызы әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күрескен болатын.
Өкінішке қарай, швейцариялық Свенджа Джунгоға қарсы кездесуде қазақстандық балуан жеңіліп қалды.
Тартысты белдесуде Лаура Ғаниқызы 4:7 есебімен қарсыласқа жол берді.
Осылайша, қазақстандық спортшы әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтап отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз