- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лариса Пакқа қатысты...
Лариса Пакқа қатысты тергеу жүргізгендердің үстінен іс қозғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.
2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды.
2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлаған болатын.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
С. Сатыбалдина