- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лаоста құлдыққа түстім...
Лаоста құлдыққа түстім деген қызға қатысты жаңа дерек шықты
Сыртқы істер министрлігі Таиландқа жұмысқа кетіп, Лаоста құлдыққа түстім деген Анель Бермағанбетоваға қауіп төніп тұрған жоқ деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған бойжеткенді елге қайтару үшін Лаостың ІІМ және СІМ келіссөздер жүргізіліп жатыр. Анельдің өзі әлі де сол елдегі қонақүйден шыға алмай отырғаны белгілі болды.
"Мен қазір алтын үшбұрыштамын. Таиландқа шетелдіктермен инвестиция тарту бойынша келіссөз жүргізетін менеджер болуға жұмысқа шақырды. Чанграйға ұшып келгенімде алаяқтық жолмен Лаосқа алып бара жатқаны белгілі болды. Қазір өзім тап болған алтын үшбұрыш - нағыз есірткі өндірумен танымал жер. Бұл - Қытайға тиесілі жер. Сондықтан өздерінің заңы мен құқықтары бар. Мұнда келген адамдар оңайлықпен кері қайтпайды", - деді Анель Бермағанбетова.
Төрт күннен бері бөлмені бекітіп алған бойжеткен арна тілшілерімен байланысқа шықты. Анельдің көмек сұрауына алдап әкеліп жайғастырған сегіз адамға арналған бөлме мен жұмыс берушінің көрсеткен келісімшарты себеп болған. Оның айтуынша, бір жыл осында жұмыс істеуге тиіс екен. Осылайша, алаяқтардың құрығынан құтылудың қамына кірісіп, көмек сұраған. ҚР ІІМ бұл дерекке қатысты "бостандығынан заңсыз айыру" бабы бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
С. Бөлек"Отандасымыз дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның айтуынша, құжаттары мен телефонына тиіспеген. Интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ, күш қолданбаған. Ол Таиландқа және одан әрі өз еркімен барған. Сондай-ақ, жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаражаты өтелсе, жіберуге дайын. Бұл мәселе Вьетнамдағы елшіліктің ерекше бақылауына алынды. СІМ мен Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігі Анельдің үйіне оралуына көмектеседі", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдері.