"Лаос. Техас. Юта". 2023 жылы баруға тұрарлық 25 орын аталды

"Лаос. Техас. Юта". 2023 жылы баруға тұрарлық 25 орын аталды
Фото: pixabay

География, табиғат, мәдениет және саяхат туралы National Geographic журналы 2023 жылы баруға тұрарлық әлемдегі 25 орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

National Geographic тізімі бес бөлімге бөлінген: мәдениет, табиғат, шытырман оқиға, қоғам және отбасы. "Қоғам" санаты биыл жаңадан ашылған. Онда туристерге жергілікті мекенді сақтауға және қалпына келтіруге көмектесу үшін бара алатын демалыс орындары, сондай-ақ, экотуризм, тұрақты даму және инклюзив саяхаты бар жерлер. 

Жалпы, 2023 жылы рейтингісі "Әлемдегі ең жақсылар" тақырыбында жасалған. Ал бұл адамдарға және олардың мәдениеттеріне, жерге және оны сақтауға деген құрметті білдіреді.

Мәдениет

Аппиан жолы, Италия
Пусан, Оңтүстік Корея
Лунмэнь гроттары, Хэнань провинциясы, Қытай
Египет
Чарльстон, Оңтүстік Каролина

Табиғат

Шотландияның таулы аймақтары
Ботсвана
Словения
Биг-Бенд ұлттық саябағы, Техас
Азор аралдары

Шытырман оқиға

Жаңа Зеландия
Чокекирао, Перу
Юта
Австриялық Альпі
Аян (Откровения) ұлттық саябағы, Мексика

Қоғам

Додеканес аралдары, Греция
Милуоки, Висконсин
Альберта, Канада
Лаос
Гана

Отбасы

Тринидад және Тобаго
Сан-Франциско, Калифорния
Колумбия
Манчестер, Ұлыбритания
Швейцария

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек