- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лаңкестер 15 адамды...
Лаңкестер 15 адамды кепілге алғанын айтқан: ШҚО тұрғыны әзілдеймін деп айыппұл арқалады
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 15 адам кепілге алынғаны туралы әзілінен кейін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 4 қаңтарда әйел полицияға қоңырау шалып, Өскемен автовокзалында лаңкестер 15 адамды кепілге алғанын айтқан.
Полиция дереу оқиға орнына барды. Тексерістен кейін ақпарат жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдеген 59 жастағы адам мас болып шықты.
"Жалған хабарлама үшін әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова