Өскеменде жол ережесін бұзған той кортежі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Сәтбаев даңғылында жол ережесін бұзған той кортежін анықтаған. Видеода жолаушылар кортеж құрамындағы көліктердің бірінің терезесінен басы мен денесін шығарғаны көрінеді.
Мұндай әрекет жолаушылардың өзіне ғана емес, жолдағы басқа да адамдарға қауіп төндіреді. Сонымен қатар, көліктердің бірінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған.
"Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бес адам ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша, тағы бір жүргізуші осы баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ШҚО ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!