“Қызыңды бер деді“. Айдарбек Ходжаназаров 8 баласы туралы

Respublica партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров "Әйгерім Сейфолланың сырласуына" берген сұхбатында 8 баласы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер өте балажан екенін жасырмады. Оның сөзінше, жүрегінде әр баланың ерекше өз орны бар.

"Балаларым мені әрдайым сағынып жүреді. Мысалы, қазір менің телефоным сөндірулі тұр, бірақ маған қызымның және екі ұлымның қоңырау шалғанына 100 пайыз сенімдімін. Қызым 11 жаста. Ол мектепке барғанын, қайда жүргенін, не жегенін, қалай киінгенін, кіммен дауласқанын бәрін маған айтып отырады. Қызым ата-анамның қолында өскен. Өйткені біздің отбасыда қыз болмады, сондықтан әкем "бізде қыз болмады, қызыңды бер" деді. Ол қыз бөлек. Қызым марқұм әкемнің нөміріне әлі күнге дейін "мені қалай қалдырып кеттің?" деп хат жазады екен, оны көру қиын. Әкем қайтқасын қызым шетте қалмасын деп оған көбірек көңіл бөлуге тырысамын, көп хабарласамын. Өзі қоңырау шалса, әнім, сәнім, күнімнен бастап түрлі сөздермен еркелетемін. 8 баланың әкесімін. Менің жүрегімде әр баланың ерекше өз орны бар. Олардың әрқайсысының маған деген махаббаты бар, менің оларға қайтарар бөлек сезімім бар. Мен өте балажан адаммын. Мысалы, көптің алдында жұбайыма сезімімді ашық білдіре алмаймын, біздің тәрбие сондай. Ал балаларыма деген махаббатым ерекше, жасырмаймын. Ұйықтар алдында бәрін бір сүйіп кетемін", - деді ол.

Айта кетейік, Айдарбек Ходжаназаров 1983 жылы дүниеге келген. Ол бүгінде Respublica партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі, "Alto Logistics" ЖШС (бұрынғы "Olzha Logistics" ЖШС) тең иесі және "Олжа Агро" компаниялар тобының бұрынғы бас директоры.

"Атамекен" ҰКП төралқасының мүшесі және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы.

Қостанай облысы джиу-джитсу федерациясының және грэпплинг спорттық күрес федерациясының (UWW) Президенті, "Көкпар" федерациясының құрметті президенті.

Депутат Айдарбек Ходжаназаров Forbes тізіміне кіру үшін ақша төлегені рас па?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!