- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызына пранк істеген...
Қызына пранк істеген ананың видеосы жұртты сүйсінтті
Фото:
Видео кадры
Желіде күйеу баласымен бірге қызына пранк жасаған ананың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйел қызына хабарласып, күйеу баласының қайда екенін сұрайды. Қызы күйеуінің ауырып қалғанын, қазір ұйықтап қалғанын айтады. Бұл кезде күйеу баласы енесінің қасында отыр.
"Өтірікші қыз, сендер осылай істейді екенсіңдер ғой. Ұсталды деген осы", - дейді әйел қызына.
Желі қолданушылары ене мен күйеу баланың арасындағы қарым-қатынасқа тәнті болды.
"Енді анаңа балдарыңды бағып берші деп айтпа. Жаман ұсталдың ғой", "Куйеуін жақтағаны қалай кетті? Енеңе істесең бір жөн", "Ұсталды. Қызыңыз ақылды екен", - деп жазған олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек