- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызын шайханада тастап...
Қызын шайханада тастап кеткен ақтөбелік ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Шайханада баласын тастап, ішімдік ішуге кеткен 31 жастағы ақтөбелік ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір полиция мәселені қарау үшін құжаттарды дайындап жатыр. Бұл оқиға өткен демалыста болған еді. Ақтөбе тұрғыны орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған нәрестесін тастап кеткен. Ол бірнеше минуттан кейін оралатынына сендіріп, қайта келмеген. Нәтижесінде бала полицияға тапсырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері келесі күні әйелді тапты. Ол жолда таныстарымен кездесіп, солармен ішімдік ішуге кеткенін түсіндірді. Енді әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
"Әйелге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке қойылды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бейтаныс қыз үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткені хабарланған еді.
Кейін сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел не үшін мұндай әрекетке барғанын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова