- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызымызға даун синдромы...
"Қызымызға даун синдромы диагнозы қойылды". Танымал актер өміріндегі күтпеген жайт туралы айтты
Танымал актер Бауыржан Сатов Urpaq подкасында отбасы, қыздары туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, кіші қызына ауыр диагноз қойылған. Алайда қызы сау болып дүниеге келген.
"Кішкентай қызыммен қарым-қатынасым жақсы, бірақ оған бір мәселе түрткі болды. Келіншегім кішкентай қызыма жүкті кезінде "даун синдромы болуы мүмкін" деді. Соны естіген кезде "қалай?" дедім, шок болдым. Келіншегім қорқып жүр. Екінші мәрте бардық. "Иә, даун синдромы болу ықтималдығы үлкен" деді. Екінші рет басым сол кезде сәждеге тиді. Алладан тіледім, "қызым дені сау болып дүние есігін ашуын нәсіп ете гөр" деп тіледім. Қазір қызымның дені сау. Аллаға шүкір сау болып туды" - дейді актер.
Еске салайық, бұған дейін актер Бауыржан Сатов әкесінен қалай айырылып қалғанын айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова