Танымал қазақстандық әнші Абай Бегейдің қызын алып қашып кеткен, әнші де қызына ақа батасын беріпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты… Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті… Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік.
Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, Әкесінің талабын орындау болды", - деп мәлімдеді қыздың анасы.
Әнші Абай Бегей әуелі күйеу баласының тегін тексеріп, сынақтан өткізгісі келген екен.
"Әкесі: "Қандай ел екенін, Ата-Анасын, Жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін" -деді .
Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің Ата-Анасы, ауыл үлкені келіп Әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкем де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойлана келе, "Келген ел - көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен" - деп, "қызымның таңдауын құрметтеймін! Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!" - деп ақ батасын берді", - деп жазды Фариза Жұманова.
Әлеуметтік желіде эстрада жұлдыздары мен танымал журналистер Абай Бегейді қуанышымен құттықтап жатыр.
"Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету" демекші, осылайша Табынай ауылы Бегей ауылының қызын алғалы отыр. Екі жасқа Бақыт тілеп қойыңыздар!", - деп жазды қыздың анасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз