"Қызым мотивация берді". Қызылордалық кәсіпкер қалай бизнес бастағанын айтты

Қызылордалық кәсіпкер мәрмәр тастан раковина жасап шығарып жүр. Оның тәуекелге бел буып, бизнес бастауына қызы түрткі болыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Бауыржан Қамзаевтың бизнес жоспарын "Атамекен" кәсіркерлер палатасы бірден ұнатты. Сөйтті де 4 жарым миллион теңге қайтарымсыз грант берді. Кәсіпке кіріскеніне жарты жыл да өткен жоқ. Клиенттер көңілінен ақырындап шығып келеді.


"Кәсіпкерлік - тәуекелі басым сала. Бірақ қызымның биыл мектеп бітіретінін ойлап, осы істі қолға алдым. "Қажеттілігі көбейеді, бір айлыққа қарап отырғаным жарамас" деп қазір негізгі жұмысыммен қатар алып жүрмін, - дейді кейіпкеріміз.


Бауыржан өз өнімін базардағыдай темірден емес, мәрмәрдан жасауға тоқтады. Қайтарымсыз грант есебінен құрал-жабдықты Ресейден, ал құмды Аралдың Шөміш ауылынан алдырды. Бағасы, сапасы көңілге қонымды.
Кәсіпкер әзірге Қызылорда қаласының шет жағындағы үй ауласын жалдап отыр.


"Болашақта өз үйімнің алдында екі қабатты цех болса, сонда раковинадан басқа, ванна, душ кабинасын шығарсам", - дейді.


Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!