- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызым бағады". Бибігүл...
"Қызым бағады". Бибігүл Төлегенова денсаулығы туралы айтты
Фото:
видеодан алынған кадр
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, қазір жағдайы жақсы.
"Бір күн ауру, бір күн сау деген қазақта мақал бар ғой. Сол сияқты, бүгін жақсымыз. Көбіне үйде отырамын, далаға шыға алмаймын, екі аяғым ауырады. Құдайға шүкір, жаман емеспін. Бір тал қызым бар дегендей, сол екеуміз біргеміз. Сол қызым мені бағады", - дейді әнші Бибігүл Төлегенова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова